Жетісай ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында 200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жылысу ауыл округі Әл-Фараби елдімекенінде орналасқан мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
«Осындай мектеп ғимаратының салынуы – ең алдымен елбасымыздың зор қолдауының нəтижесі. Биылдың өзінде ауданымызда 3 мектеп ел игілігіне берілді. Соның бірін бүгін салтанатты жағдайда ашып отырмыз. Биыл Елбасы өзінің халыққа Жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталды. Соның ішінде жаңартылған бағдарлама бойынша оқудан өткен мұғалімдердің жалақысын 30-50%-ға өсіру туралы айтты. Біз де өз тарапымыздан мұғалімдердің біліктілігін арттыру мəселесіне мəн беретін боламыз. Сондай-ақ мектептердің техникалық қамсыздандырылуы ұдайы назарымызда болады», - деді Жамантай Бейсенбаев.
Аудан бойынша бүгінде 70 мектеп жұмыс істейді. Соның 62-і типтік, 8-і ыңғайластырылған ғимараттарда жайғасқан. Апатты және үй ауысымдағы мектептер жоқ. Бүгінгі таңда қосымша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Аудан әкімі жаңа мектептің барлық ғимараттарын аралап шығып, құрылыстың сапалы жүргізілгеніне көз жеткізді. Айта кетейік, аталған мектеп құрылысына жергілікті және облыстық бюджеттен 612 млн 725 мың тенге қаржы қаралған. Ауыл оқушылары бұған дейін ыңғайластырылған ғимаратта білім алып келген еді.
Мұнан соң аудан басшысы Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы мектебінде білім беру мекемелерінің басшылармен арнайы жиын өткізді. Жиында мереке күндеріндегі мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тағы да басқа келеңсіз жайттардың алдын алу шараларына мән беру қажеттілігі ескертілді. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және