Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жоба жұмыс жасайтыны белгілі. Жобаның басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс,шығыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау.
2019 жылдың 22 мамыр күні Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектеп базасында ауданымыздың бітіруші түлектеріне “Серпін-2050” бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, оның тиімді тұстары жайлы айтылды. Өткізілген іс-шараға Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қарағанды Мемлекеттік Теxникалық Университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қаласынан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті және Жоғары колледжі, Семей қаласынан Жоғары колледж, Қазақ инновациялық Гуманитарлық заң университеті, Семей қаласынан Шәкәрім атындағы мелекеттік университет, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ университеті, Ақмола облысы Зеренді ауданынан Жоғары Агротехникалық коледжі, Павлодар облысы Ақсу қаласы Жаяу Мұса коледжі және Көкшетау қаласынан Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университет өкілдері қатысып, әр өкіл өз университетіндегі жеңілдіктермен, шәкіртақы, жатақхана мәселелері туралы мәліметтер берді. Оқу орындары туралы дайындалған видеороликтер көрсетіліп, түлектердің сұрақтарына жауап берілді.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және