Жетісай ауданының білім бөлімі Жастар жылына орай 2019жылы 18 қыркүйек күні Н.Төреқұлов атындағы N 13 жалпы орта мектебінде "Үздік жас мұғалім-2019" облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Aудандық байқауды ұйымдастырушылар Жетісай ауданының білім бөлімі мен Жетісай ауданының білім саласы кәсіподақ ұйымы.Байқаудың мақсаты: -Жас мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби, шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамыту.
Міндеттері: -білім беру ұйымдарындағы шығармашылықпен шұғылданатын жас мамандардың беделін арттыру;
- жас маманның кәсіби нәтижелігінің формасы мен әдістерінің қорын қалыптастыру;
- жас мұғалімдердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуге және ізденуге ынталарын арттыру;
-жас мұғалімдердің әдістемелік деңгейін жетілдіру;
-жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және талдау жасауына ықпал ету, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту;
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан12 пән бойынша 157 жас маман қатысты.
Аудандық байқауда
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен N 11 "Жеңіс" МГ-ның мұғалімі Г. Бижигитова Т. Рысқұлов атындағы N 20 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұ. Байтуякова Б.Момышұлы атындағы 6 МГ -ның ағылшын тілі пәні мұғалімі Назарбекова А, 10 Қайнар МГ-ның информатика пәні мұғалімі Абдирахманова Ф, Ш.Уәлиханов атындағы N2 ЖОМ -нің математика пәні мұғалімі Арипбай М, 10 "Қайнар" МГ-ның тарих пәні мұғалімі Әлімқұл Ә, 11"Жеңіс" МГ-ның география пәні мұғалімі Даржанова С, Н.Оңдасынов атындағы N 14 ЖОМ-нің физика пәні мұғалімі Әмірова М, 7 "Тұран" МГ-ның көркем еңбек пәні мұғалімі Орынбасарова А, 7 "Тұран" МГ-ның биология пәні мұғаліміАралбаев Т, 10 "Қайнар" МГ-ның химия пәні мұғалімі Жұмабай Р, N11 "Жеңіс" МГ-ның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова Б жүлделі 1 орындарды иеленіп , байқаудың облыстық кезеңінде жолдама алды. Жас мамандарымызға байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз! Жетісай ауданының білім бөлімі.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және