Жетісай ауданы білім бөлімі
» » ХАБАРЛАНДЫРУ !
» » ХАБАРЛАНДЫРУ !

    ХАБАРЛАНДЫРУ !


    ХАБАРЛАНДЫРУ !
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
     21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57, 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338, 2015 жылғы 8 cәуірдегі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №173 бұйрықтарына сәйкес Жетісай ауданының білім бөлімі Қазыбек би а/о, Ә.Оспанов ауылында орналасқан «Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры және Қазыбек би а/о, Құрбан ата ауылында орналасқан «Әлжан-ана» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорндарының бос тұрған меңгерушісі мен Қазыбек би ауылында орналасқан «Бейбарыс» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорндарының бос тұрған меңгерушісі лауазымдық қызметтеріне конкурс жариялайды.

    Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 111 934 теңгеден 124 985 теңгеге дейін ауылдық жерде (мектеп).
    Лауазымның жалақысы еңбек өтіліне қарай 78398 теңгеден, 95033 теңгеге дейін ауылдық жерде (балабақша).
    Лауазымдық міндеттері (мектеп): Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады. Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
    Білуге міндетті (мектеп): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
    Лауазымдық міндеттері (балабақша): нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
    Білуге міндетті (балабақша): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
    Біліктілікке қойылатын талаптар (мектеп, балабақша):
    Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:
    1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
    2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
    3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
    4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
    Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
    1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
    2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
    6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
    7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
    8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
    10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
    11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
    Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
    Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
    Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
    Конкурс төрт кезеңде өткізіледі (мектеп, балабақша):
    1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
    2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
    3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
    4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
    Конкурстың бірінші кезеңінде білім беруді басқару органының комиссиясы үш жұмыс күні ішінде құжаттарға біліктілік бағалауын жүргізеді.
    Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының комиссиясы екі жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңеске бос лауазымға орналасуға кандидаттардың тізімін жолдайды.
    Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
    Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.
    Қамқоршылық кеңесінің отырысында кандидат мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
    Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындылары бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатуралар бойынша хаттамалық шешім шығарады. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.
    Егер қамқоршылық кеңесімен орта білім беру ұйымы басшысының лауазымына кандидаттар анықталмаған болса, онда білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және конкурсты қайта өткізу туралы шешім шығарады.
    Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы облыстың білім басқармасына келісуге (үшінші кезең) жолдайды.
    Үшінші кезеңде кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.
    Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 120 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.
    Төртінші кезең: Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды.
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс.
    Мекен жайы: 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, 5 үй. Жетісай ауданының білім бөлімі.
    Байланыс телефоны 8 (72534) 6-52-65 электронды поштасы: zhetisay_abb@mail.ru
    Жетісай ауданының білім бөлімі
     

    В соответствии приказами №57 от 21 февраля 2012 года «Об утверждении Правил конкурсного замещения руководителей государственных организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования и конкурсного назначения на должность руководителей государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного, среднего образования и образовательные программы дополнительного образования», №338 от 13 июля 2009 года «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц» и №173 от 8 апреля 2015 года «Об утверждении стандартов государственных услуг по приему документов для участия в конкурсах на присуждение звания «Лучший педагог» и на замещение руководителей государственных учреждений среднего образования, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами» Министра образования и науки Республики Казахстан Отдел образования Жетысайского района объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора коммунального государственного учреждения «Общая средняя школа №19 им.Аманкелді» в с.А.Оспанова с/о Казыбек би, заведующего государственного коммунального казенного предприятия ясли-сад «Әлжан-ана» в с.Курбан ата с/о Казыбек би и заведующего государственного коммунального казенного предприятия ясли-сад «Бейбарыс» в с.Казыбек би с/о Казыбек би.

    Должностной оклад в зависимости от стажа работы от 111 934 тенге до 124 985 тенге для сельской местности (школа).
    Должностной оклад в зависимости от стажа работы от 78398 до 95033 тенге для сельской местности (детский сад).
    Должностные обязанности (школа):

    Руководит деятельностью организации образования в соответствии с ее уставом и другими нормативными правовыми актами. Совместно с советом учебного заведения, общественными организациями организует разработку и утверждение рабочих учебных планов и программ, календарных графиков учебного процесса, правил внутреннего распорядка и иных нормативных актов.  Утверждает структуру управления, штатное расписание, должностные инструкции работников школы, формирует контингент учащихся, воспитанников, в соответствии с лицензией на право ведения образовательной деятельности, обеспечивает социальную защиту учащихся и воспитанников.  Обеспечивает всеобщее обязательное обучение детей в закрепленном участке административного района. Содействует деятельности учительских (педагогических) организаций и методических объединений, регулирует деятельность общественных, в том числе детских и молодежных организаций в соответствии с законодательством. Обеспечивает необходимые условия для работы в учебном заведении организаций общественного питания и медицинских организаций, контроль их работы в целях охраны и укрепления здоровья обучающихся, воспитанников и работников. Организует и совершенствует методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса. Распоряжается имуществом и средствами организации, представляет ежегодный отчет о поступлении и расходовании финансовых и материальных средств учредителей. Защищает законные права и интересы (личные, имущественные, жилищные, трудовые и др.) воспитанников из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, принимает меры по созданию им условий для поддержания родственных связей. Обеспечивает условия содержания и проживания воспитанников и обучающихся не ниже установленных норм. Обеспечивает учет, сохранность и пополнение учебно-материальной базы в соответствии с нормативными требованиями, отвечает за соблюдение правил внутреннего трудового распорядка, санитарно- гигиенического режима, охраны труда и техники безопасности. Осуществляет подбор и расстановку педагогических кадров и вспомогательного персонала, разрабатывает в соответствии с законодательством о труде, правилами внутреннего распорядка, квалификационными характеристиками должностные инструкции работников, создает условия для повышения их профессионального мастерства. Руководит педагогическим советом. Представляет учителей и других работников организации образования, особо отличившихся в труде к поощрениям и наградам, налагает взыскания в пределах своей компетенции. Несет ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан за выполнение организацией образования государственных общеобязательных стандартов образования, качество образования выпускников, жизнь и здоровье обучающихся (воспитанников) и работников организации образования во время учебно-образовательного процесса, нарушения их прав и свободы. Осуществляет связь с общественностью, координирует работу с родителями (лицами, их заменяющими). Представляет организацию образования в государственных и иных организациях, обеспечивает подготовку и представление необходимой отчетности.

    Должен знать (школа):

    Знание Конституции Республики Казахстан, Законов Республики Казахстан                                «Об образовании», «О правах ребенка в Республике Казахстан», «О языках », «О борьбе с коррупцией», «О браке и семье», «О государственных  социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту», « О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей  с ограниченными возможностями», «О государственной адресной социальной помощи», «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждений детской беспризорности и безнадзорности»» и другие нормативные правовые акты по вопросам образования, педагогики, педагогическую психологию, возрастную физиалогию, школьную гигиену, достижения современной психолого- педагогической науки и практики, основы социологии,экономики, законодательства о труде, вопросы финансово-хозяйственной деятельности организаций образования, правила и нормы охраны труда и техники безопасности, правила производственной санитарии и противопожарной защиты.
    Должностные обязанности (детский сад): 
    Руководит деятельностью организации дошкольного обучения и воспитания (далее – ДО) в соответствии с нормативными правовыми актами. Совместно с педагогическим советом в установленном порядке организует разработку и утверждение рабочих учебных планов, основных (вариативных, авторских), дополнительных дошкольных образовательных программ, правил внутреннего распорядка. Обеспечивает реализацию образовательных программ в соответствии с государственным общеобязательным стандартом дошкольного воспитания и обучения, создает необходимые условия безопасности жизни и здоровья воспитанников и работников организации во время воспитательно-образовательного процесса.
    Определяет структуру управления организацией, решает финансовые, хозяйственные, научные, методические и иные вопросы. Формирует контингент воспитанников, обеспечивает их социальную защиту. Содействует деятельности общественных педагогических организаций и методических объединений. Обеспечивает необходимые условия для организации питания и медицинского обслуживания детей, укрепления и охраны здоровья воспитанников. Распоряжается имуществом и средствами ДО в установленном законодательством порядке, представляет ежегодный отчет о поступлениях и расходовании средств учредителей. Обеспечивает учет, сохранность и укрепление учебно-материальной базы, соблюдение правил санитарно-гигиенического режима, охраны труда и техники безопасности. Осуществляет связь с общественностью, организациями, взаимодействие с родителями (лицами, их заменяющими). Осуществляет подбор и расстановку педагогических кадров и вспомогательного персонала, разрабатывает должностные инструкции работников. Создает условия для повышения профессионального мастерства кадров. Проводит в установленном порядке аттестацию работников. Владеет компьютерной грамотностью, информационно-коммуникационной компетентностью.
    Руководит работой педагогического совета. Представляет ДО в государственных, общественных и иных организациях. Обеспечивает подготовку и представление необходимой отчетности о деятельности ДО.
    Должен знать (детский сад): 
    Конституцию Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", законы Республики Казахстан "Об образовании", "О языках в Республике Казахстан", "О правах ребенка в Республике Казахстан", "О борьбе с коррупцией", "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и другие нормативные правовые акты, определяющие направления и перспективы развития образования, основы педагогики и психологии, государственные общеобязательные стандарты образования, педагогику и психологию, достижения педагогической науки и практики, основы экономики, финансово-хозяйственной деятельности, законодательства о труде, правила и нормы охраны труда, техники безопасности и противопожарной защиты, санитарные правила и нормы, основы доврачебной медицинской помощи, санитарные правила и нормы.
    Требования к квалификации (школа, детский сад):
    11. Для участия в конкурсе кандидатам требуется:
    1) высшее (или послевузовское) педагогическое образование;
    2) стаж педагогической работы не менее пяти лет, в том числе стаж на руководящей должности не менее одного года, в малокомплектной школе не менее трех лет педагогической работы, стаж работы на руководящей должности не требуется;
    3) наличие первой или высшей квалификационной категории, и (или) категорий "педагог-модератор", "педагог-эксперт", "педагог-исследователь", "педагог-мастер" (за исключением государственных служащих, работников организаций технического и профессионального, послесреднего образования, высшего и (или) послевузовского образования, методических служб);
    4) справка о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);
    5) справка об отсутствии судимости.
    Отдел образования осуществляет прием следующих документов на замещение вакантной должности в течение семи рабочих дней со дня выхода объявления:
    1) заявление на участие в конкурсе на имя руководителя органа управления образованием с указанием места регистрации, фактического места проживания, контактных телефонов;
    2) копию документа, удостоверяющего личность;
    3) копию документа государственного образца об образовании;
    4) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность;
    5) личный листок по учету кадров и фото;
    6) производственную характеристику с прежнего места работы с указанием имевшихся взысканий и поощрений;
    7) копию документа об имеющейся квалификационной категории и ученой степени (при ее наличии);
    8) справку о состоянии здоровья по форме, о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года №907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);
    9) справку об отсутствии судимости;
    10) справку о прохождении тестирования (при ее наличии); 
    11) перспективный План развития школы.
    Копии документов, представленных для участия в конкурсе, заверяются кадровой службой с места работы или ответственным работником организации образования и заверяется печатью.
    При предоставлении неполного пакета документов, кандидату отказывается в приеме документов на участие в конкурсе.
    Для участия в конкурсе кандидат вправе предоставить на рассмотрение органу управления образованием материалы о его профессиональных достижениях, повышении квалификации, научных исследованиях, обобщении собственного педагогического опыта, наградах.
    Конкурс проводится в четыре этапа (школа, детский сад):
    1) квалификационная оценка участников конкурса;
    2) согласование кандидатов с попечительским советом государственной образования;
    3) согласование кандидатов с органами управления образованием области (за исключением городов республиканского значения, столицы);
    4) собеседование на заседании конкурсной комиссии органа управления образованием.
    На первом этапе конкурса в течение трех рабочих дней комиссией органа управления образования проводится квалификационная оценка участников конкурса документов.
    На втором этапе конкурса по итогам проведения квалификационной оценки участников конкурса комиссия органа управления образования в течение двух рабочих дней направляет списки кандидатов на занятие вакантной должности в попечительский совет.
    Попечительский совет в течение трех рабочих дней со дня поступления документов уведомляет кандидатов о дате, времени и месте прохождения заседания попечительского совета.
    Попечительский совет в течение трех рабочих дней после извещения кандидата изучает представленные документы и проводит заседание с участием кандидата на занятие вакантной должности.
    На заседании попечительского совета кандидат представляет перспективный План развития государственной организации образования.
    По итогам заседания попечительский совет выносит протокольное решение по кандидатурам на должность руководителя организации образования. Протокол заседания попечительского совета представляется в орган управления образования на следующий день после проведения заседания.
    В случае, если попечительским советом не выявлены кандидаты, орган управления образованием признает конкурс несостоявшимся и принимает решение о проведении повторного конкурса.
    В случае определения попечительским советом кандидатов, комиссия органа управления образования, в чьем ведомстве и подчинении находится учреждение образования, направляет на согласование в управление образования области (третий этап).
    Кандидаты проходят тестирование на знание Конституции Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан, Бюджетного кодекса Республики Казахстан, Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", Закона Республики Казахстан "Об образовании", Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции", Закона Республики Казахстан "О государственных закупках", Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений", Закона Республики Казахстан "О религиозной деятельности и религиозных объединениях", Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и основ педагогики, психологии и собеседование.
    При прохождении тестирования кандидату предлагается 120 вопросов на знание вышеуказанных норм. Пороговый уровень для прохождения тестирования составляет 50 % по каждому направлению.
    Четвертый этап: Собеседование проводится комиссией, в чьем ведомстве и подчинении находится организация образования, с учетом результатов 1, 2, 3 этапов конкурса с целью определения уровня теоретических знаний кандидата законодательства Республики Казахстан в области психологии детского и подросткового возраста, психологии управления и делового взаимодействия в коллективе, кадрового менеджмента и служебной этики, а также уточнение информации, касающейся педагогических достижений, профессиональных и личностных качеств, организаторских способностей кандидата, определения перспектив деятельности в предполагаемой должности. Порядок проведения собеседования определяется комиссией самостоятельно.
    Необходимые документы должны быть представлены в течении 7-ми рабочих дней с момента публикации объявления о проведении конкурса в официальном издании средств массовой информации по адресу 160500, Жетысайский район, г.Жетысай, ул. Яссауи-5, Отдел образования Жетысайского района.
    тел 8-(72534) 6-52-65.  эл. пошта zhetisay_abb@mail.ru
    Отдел образования Жетысайского
     района


    Похожие новости
  • Үздік педагог
  • ОРТА БIЛIМ БЕРЕТIН ҮЗДIК ҰЙЫМ
  • Конкурс туралы хабарландыру
  • ХАБАРЛАНДЫРУ !
  • ХАБАРЛАНДЫРУ !

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    20 сентябрь "Үздік жас мұғалім-2019" облыстық байқауының аудандық кезеңі

    20 сентябрь ХАБАРЛАНДЫРУ !

    31 май ХАБАРЛАНДЫРУ !

    Жаңалықтар топтамасы