Жетісай ауданы білім бөлімі
» » Үздік педагог
» » Үздік педагог

    Үздік педагог


    Жетісай ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекiтiлген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес «Үздік педагог» атағын беру үшін конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) аудандық бірінші кезеңі өткізілетінін хабарлайды. 
    Конкурсқа құжаттар 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. 
    Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қабылданады:
    1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін нысан бойынша өтінім;
    3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
    4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    5) педагог портфолиосы;
    6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;
    7) электрондық тасымалдағыштағы сабақтар (компакт-дискілерде);
    8) эссе;
    9) конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама
    Конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
    1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар, қатысушының «Мен – қазіргі заман педагогімін» атты эссесі) туралы мәлімет);
    2) педагогтің аудандағы, облыстағы, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау);
    3) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);
    4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар).
    Конкурстың бірінші кезеңінде екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурс жеңімпазы айқындалады. 
             Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, 3 үй, Жетісай ауданының білім бөлімі, 15 бөлме. Анықтама телефоны: 872534-65265.
    Құжаттарды қабылдауға жауаптылар: білім бөлімінің бас маманы Ш.Иманбердиев және әдістемелік кабинет әдіскері А.Қарсыбаева. 

    Жетісай ауданының білім бөлімі!


    Похожие новости
  • ОРТА БIЛIМ БЕРЕТIН ҮЗДIК ҰЙЫМ
  • Конкурс туралы хабарландыру
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі
  • ХАБАРЛАНДЫРУ !
  • ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    20 сентябрь "Үздік жас мұғалім-2019" облыстық байқауының аудандық кезеңі

    20 сентябрь ХАБАРЛАНДЫРУ !

    31 май ХАБАРЛАНДЫРУ !

    Жаңалықтар топтамасы