Жетісай ауданы білім бөлімі
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі


    2019 жылдың 04-05 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары үшін сәтті болды. Облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан 9-10-11 сыныптардың талапты оқушылары қатысқан олимпиадаға ауданымыздан 16 пән бойынша 44 оқушы қатысып, олардың 21-і терең білімдерімен ерекшеленді. Нақтырақ айтсақ, 2 оқушымыз І орын, 7 оқушымыз ІІ орын, 8 оқушымыз ІІІ орын иегерлері атанса, тағы 4 оқушымыз арнайы дипломдармен марапатталды. Талдап айтар болсақ, Д.Қонаев атындағы № 9 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сапар Айткүл биология пәнінен (пән мұғалімі У.Аблаева), №58 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жандарбеков Бағжан физика пәнінен (пән мұғалімі Б.Куралов) І орынды иемденіп, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары атанды. Ал, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Пазылбеков Жанболат математика пәнінен (пән мұғалімі А.Батырбекова), Д.Қонаев атындағы №9 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Оңғар Тазагүл биология пәнінен (пән мұғалімі Ж.Молдабекова), І.Жансүгіров атындағы №30 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Құлмағамбет Балнұр құқық негіздері пәнінен (пән мұғалімі С.Биназарова), Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы орта мектебінен 10-сынып оқушысы Қожагелді Мөлдір құқық негіздері (пән мұғалімі Н.Қойлыбаев), Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сұлтан Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен (пән мұғалімі Т.Карабалаева), Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Есімханқызы Жансая қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі Б.Егембердиева) және 9 – сынып оқушысы Оңалбек Салтанат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (пән мұғалімі Ж.Молдабекова) ІІ орын иегерлері болды. Сонымен қатар, Д.Қонаев атындағы №9 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ермекбай Лаура қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (пән мұғалімі Ж.Құрманбекова), Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Абдуллаева Азиза орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі А.Жақсыбаева) мен 10-сынып оқушысы Умарова Анель (пән мұғалімі Т.Карабалаева) орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп –гимназиясының 10-сынып оқушысы Камнева Арина орыс тілі мен әдебиеті пәнінен (пән мұғалімі Г.Камнева), М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нургазиева Диана ағылшын тілі пәнінен (пән мұғалімі С.Жузтаев), Қ.Яссауи атындағы №22 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Азизов Жалоладин неміс тілі пәнінен (пән мұғалімдері Б.Шодмонов), №68 «Жібек Жолы» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нәсір Аяжан (пән мұғалімі С.Өтегенова) құқық негіздері пәнінен,Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жұмабаев Қазбек химия пәнінен(пән мұғалімі В.Сбоева), Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Тыныштықов Айдос (пән мұғалімі Г.Таукелова) физика ІІІ орынға лайық деп табылды. Сондай-ақ, терең білімімен дараланған Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Матжан Дәулеткерей орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша (пән мұғалімі Т.Карабалаева) және 9-сынып оқушысы Уалихан Ардана орыс тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі Г.Камнева), №10 «Қайнар» мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Ғани Тұрлан география пәні бойынша (пән мұғалімі А.Тұрғанбай) облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарына ие болды.І және ІІ орынды иеленген оқушыларымыз Республикалық олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Енді алдағы уақытта өтетін Республикалық олимпиадада да шәкірттеріміздің қоржындары жүлделі орындарға толып қайтады деп сенім артамыз және сәттілік тілейміз.


    Похожие новости
  • Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары
  • ХАБАРЛАНДЫРУ !
  • ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

  • Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото жаңалықтар
    Cоңғы жаңалықтар
    Жаңа материал
    20 сентябрь "Үздік жас мұғалім-2019" облыстық байқауының аудандық кезеңі

    20 сентябрь ХАБАРЛАНДЫРУ !

    31 май ХАБАРЛАНДЫРУ !

    Жаңалықтар топтамасы