Жуырда Түркістан қаласында Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебі базасында «Мемлекеттік тілді білу - парызым!» байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Байқау өзге ұлт өкілдері мұғалімдері арасында ұйымдастырылып, мемлекттік тіл - қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал етуіне, халықтар достығының басты құралы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға, педагогтар арасында мемлекеттік тілдің абыройын арттыра отырып, тіл мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдебиетін жан-жақты құрметтеу деңгейін жоғарылату мақсатында болып өтті.
Байқауға ауданымыздың жас маманы – С.Сейфуллин атындағы №52 ЖОМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Савранова Наргиза Шухратқызы қатысты. Әріптесіміз байқауға қазақтың ұлттық киімін киіп, берілген тақырып бойынша эссе жазу, мемлекеттік тілде өзін жұртшылыққа таныстыру арқылы кез-келген сыннан мүдірмей шыға білетін іскер маман екенін дәлелдей білді. 17 өңірден қатысқан сайыста Наргиза жүлделі III орынға ие болды. Білікті ұстазымыз осынау жетістігі үшін Түркістан облысының білім басқармасының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Осындай алғыр, өрендердің бойындағы дарынды аша білген жас маманға аудандық білім бөлімі атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктер ғана жүлде салатын бәйгеде ауданымыздың абыройын асқақтатқан әріптесімізге, сондай-ақ мектеп басшысы Шукурбаева Ғазиза Әлібекқызына алғыс айта отырып, алдағы күндері білім шыңының бұдан да биік белестерін бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз. 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және